Президент шахматтан әйелдер құрамасын жеңісімен құттықтады

22 қыркүйек, 2024 / Дана Ізтілеуова
Ақорда
Бұл – қазақ шахмат мектебі мен шахматшы қыздарымыздың жетістігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шахматтан әйелдер құрамасын құттықтады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

2024 жылғы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында күміс медаль жеңіп алған Қазақстанның әйелдер құрамасын құттықтаймын. Бұл – қазақ шахмат мектебі мен шахматшы қыздарымыздың тамаша жетістігі. Спортшыларымыз биік белестерді бағындыра берсін! – деп жазды Мемлекет басшысы өзінің Х әлеуметтік парақшасында.

Тэгтер:

Президент шахмат