Спорт

Шахматтан Олимпиада: Қазақстан құрамасы күміс жүлдегер атанды

Қазақстандықтар алғаш рет олимпиада жүлдегері атанып отыр

Шахмат олимпиадасының шешуші 11-турында Қазақстанның әйелдер құрамасы АҚШ командасымен бақ сынасты.

Будапештте өткен жарыста қазақстандықтар 18 ұпай жинап, алғаш рет олимпиада жүлдегері атанып отыр.

Ұлттық құрама намысын Бибісара Асаубаева, Меруерт Камалиденова, Ксения Балабаева, Алуа Нұрман, Амина Қайырбекова қорғады.