T-LIFE

Кеш ұйықтайтындардың диабетке шалдығу қаупі 46%-ға жоғары – зерттеу

сурет: istockphoto.com

Ғалымдардың анықтауынша, «үкілердің» биологиялық сағаты әдеттегі өмір ырғағына сәйкес келмейді.

Кеш ұйықтайтындар, немесе түн жарымына дейін жұмыс істейтіндерде диабет және басқа да денсаулық мәселелерінің даму қаупі 46%-ға жоғары. New atlas сайтында жарияланған зерттеуде ғалымдар осындай қорытындыға келген. 

Ғалымдардың анықтауынша, «үкілердің» биологиялық сағаттары әдеттегі өмір ырғағына, яғни ерте ояну және жұмыс кестесіне сәйкес келмейді.

Нәтижесінде циркадтық ырғақтар бұзылып, зат алмасу процесі нашарлап, түрлі ауруларға әкеледі.