Жаңалықтар

«Резеңке емес»: Астанада бір пәтерге тіркеуге болатын адам санын шектемек

istockphoto.com

Норма бойынша бір адамға 15-18 шаршы метр есептелген.

Мәжілісте «ҚР астанасының мәртебесі туралы» заң жобасы таныстырылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Заң жобасында бір пәтерге тіркеуге болатын адам санын шектеу қарастырылған.

«Қазіргі уақытта халық ірі қалаларға ұмтылып жатыр. Бұл «резеңке пәтер» мәселесіне әкеліп соғады. Пәтер иелері заңды бұзып, белгілі бір ақы алып, нақты тұрмайтын адамдарды өз пәтерлеріне тіркейді. Мысал үшін Астанадағы пәтерлердің біріне 800 астам адам тіркелген»-деді Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков.

Бұл шектеудің ерлі-зайыптыларға, менің иесінің туған-туыстарына қатысы жоқ.

Ал меншік иесіне іс жүзінде пәтерінде тұрмайтын адамдарды тіркегені үшін салынатын айыппұлды екі есе арттыру ұсынылды.