Спорт

Ақмарал Науатбек қанша сыйақы алады?

фото: Паралимпиада комитеті/Нұрғали Жұмағазы

Пара дзюдодан алтын медаль еншілеген ару 250 мың АҚШ долларын алады.

Бұл теңгеге шаққанда шамамен 120 млн, деп хабарлайды turkystan.kz.

5 қыркүйек күні өткен финалдық белдесуде Ақмарал франциялық Сандрин Мартинені екі вадза-ари әдісімен шаң қаптырған болатын. Ол 48 кг дейінгі салмақта күресті.

Қазақстан Паралимпиададағы медаль саны бойынша рекорд орнатты. Дәл қазір Қазақстан құрамасында 5 медаль бар: Давид Дегтярев пен Ақмарал Науатбек алтын, Еркін Ғаббасов пен Нұрдәулет Жұмағали күміс, Дастан Мұқашбеков қола медаль қанжығалады.