Күндіз 20 минут ұйықтау көңіл-күй мен есте сақтау қабілетін жақсартуға көмектеседі – зерттеу
Мұның барлығы циркадтық ырғақтарға байланысты деп түсіндіреді ғалымдар.
Күндіз 20 минут ұйықтау көңіл-күй мен есте сақтау қабілетін жақсартуға көмектеседі, деп жазды scmp.com.
Ғалымдардың айтуынша, күндіз 20 минут көз шырымын алу – өнімділікке, есте сақтаудың жақсаруына және жақсы көңіл-күйге апарар тура жол.
Мұның барлығы циркадтық ырғақтарға байланысты деп түсіндіреді ғалымдар, олар тек түнде ғана емес, күндізгі 14:00 мен 16:00 аралығында адамның шаршауына әсер етеді екен.