«Ақтөбе» клубының бас бапкері қызметінен кетті
Қазір команда турнирлік кестеде екінші орында тұр
«Ақтөбе» футбол клубы өзара келісім аясында Дмитрий Парфеновпен арадағы келісімшартты үзгенін ресми хабарлады, деп жазады turkystan.kz kazinform-ға сілтеме жасап.
Жыл басында 49 жастағы ресейлік маман «Ақтөбе» тізгінін ұстады. Қазір команда турнирлік кестеде екінші орында тұр.
Сондай-ақ Парфеновтың басшылығымен команда Қазақстан Кубогінің финалына шықты. Мамыр айының «Үздік бапкері» жүлдесін жеңді.
Дмитрий Парфенов 1974 жылы дүниеге келген. Ол Ресейдің «Спартак» командасының намысын қорғап, Ресейдің төрт дүркін чемпионы атанған.