Спорт

Кәсіпкерлер Нариман Құрбановқа да екі бөлмелі пәтер сыйлады

Сали Сабиров, ҰОК

Алматы қаласының Билалдин Ушуров бастаған кәсіпкерлері қазақстандық гимнастқа 2 бөлмелі пәтердің сертификатын табыс етті

Конституция күніне орай №9 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінде Парижде өткен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нариман Құрбанов марапатталды, деп хабарлады turkystan.kz Халық үніне сілтеме жасап.

Алматы қаласының Билалдин Ушуров бастаған кәсіпкерлері қазақстандық гимнастқа 2 бөлмелі пәтердің сертификатын табыс етті.

Ең алдымен меценаттарымызға, бизнесмен ағаларымызға маған екі бөлмелі пәтер сыйлағаны үшін алғысымды білдіремін. Шындығында мен мұндай сыйлық аламын деп күткен жоқпын. Бұл – үлкен бақыт. Жаңа өмір жолыма үлкен көмек болады. Менің тарихи жеңісім үшін мұндай сыйлық әрі қарай көп жаттығуға мотивация береді. Енді алдағы 4 жылда алтын медаль алу үшін бар күшімді саламын, - деді Нариман Құрбанов.