Қоғам

«Психикалық жағдайы нашар»: Ақтөбеде жоғалып кеткен әйел табылды

Диапазон басылымы

Оны далада қойшы тауып алған.

Құтқарушылар төрт күн бойы іздеген әйел жазық даладан табылды, деп хабарлады turkystan.kz сайты «Диапазон» басылымына сілтеме жасап.

 26 тамызда Толғанайды Алға ауданындағы далада жүрген жерінен шопан тауып алған. 

- Осы күндері Толғанайды күндіз-түні еріктілер, полиция, ТЖД іздеді. Оны іздеу үшін тікұшақ көтерілді, дрондар қолданылды. Оны далада қойшы тапты. Ол тірі, өзін жақсы сезінеді. Іздеуге қатысқан барлық қамқор адамдарға рахмет! , - деді "Zello Poisk" командасының еріктісі Екатерина Голотина. 

Әйел психиспансерде есепте тұрады. 

Еске сала кетейік, 40 жастағы Толғанай 23 тамыз күні таңғы сағат 04:00 шамасында үйден шығып, жоғалып кеткені туралы жазған болатынбыз.

«Ол есепте тұр, оның психикалық жағдайы нашар, бағдарды ажырата алмайды. Бұл бірінші рет жоғалуы емес, төртінші рет. Бұған дейін оны полицейлер, бейжай қарамайтын адамдар және біздің волонтерлер тауып алған еді. Бірақ қазір үш күн болды, нәтиже жоқ. Ол өзіне-өзі қызмет көрсете алмайды, өзіне өзі көмектесе алмайды! Ол жалаңаяқ кеткен», — деп мәлімдеген болатын «Zello poisk» волонтері.