New York Times осы ғасырдың ең үздік кітабын анықтады – Романның сыры неде?
Рейтинг жасау үшін журналистер 500-ден астам жазушы, публицист, ақын, әдебиет сыншысы, аудармашы және әртістерден сауалнама алған.
Элена Феррантенің «Менің гениалды құрбым» романы The New York Times газеті жариялаған XXI ғасырдың 100 үздік шетелдік кітаптары рейтингісінде бірінші орынды иеленді. Бұл тізімге 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап шыққан шығармалар енгізілді. Романның сәттілігінің сыры неде?
Элена Ферранте – әлемдегі ең көп оқылатын авторлардың бірі. Алайда ол сұхбаттар бермейді және жұртшылықтан алыста жүреді. Кейбір деректерге сүйенсек, Ферранте – бұл шын есім емес, шығармашылық лақап ат.
«Нарциссизм басым болып тұрған заманда, Элена Ферранте өзінің эгосын барынша жасыруды шешті», – дейді Дублиндегі Тринити колледжінің итальян әдебиетін зерттеуші жазушы Энрика Феррара.
Бұрын осы айда New York Times Book Review Феррантенің «Менің гениалды құрбым» романын XXI ғасырдың үздік 100 кітабы тізімінде бірінші орынға қойды. Рейтингті жасау үшін журналистер 500-ден астам жазушы, публицист, ақын, әдебиет сыншысы, аудармашы және әртістерден сауалнама алды. Олардың қатарында Стивен Кинг, Джон Ирвинг, Ник Хорнби, Карл Уве Кнаусгор, Гари Штейнгарт, Сара Джессика Паркер сияқты тұлғалар бар. Сондай-ақ, New York Times өз оқырмандарының да пікірін сұрап, олар «Гениалды құрбымды» 100 сүйікті кітаптың ішінде сегізінші орынға орналастырды.
«Менің гениалды құрбым» романында әйелдер арасындағы достық туралы бұрын ешкім жазбаған деңгейде баяндалған. Бұл туындыны осындай танымал еткен де осы», – дейді Феррара. Романның басты кейіпкері Элена өзінің Лила есімді батыл құрбысымен қарым-қатынасы туралы: «Бізді ешкім түсінген жоқ, тек екеуіміз ғана бір-бірімізді түсінгендей едік», – деп еске алады.
Сыншылардың айтуынша, кітаптың негізгі идеясы – қыздардың достығы. Феррантенің ерекше стилі мен Элена мен Лиланың күрделі қарым-қатынасын шынайы түрде көрсетуі оқырмандарды баурап алды.
«Менің гениалды құрбым» романында идеализацияға орын жоқ. Автор достықтың «рецептін» – бәсекелестік, терең таңдану, ұялу, қызғаныш қоспасын ашық көрсеткен. Лондондық Майя есімді Феррантенің романының жанкүйері сыншының бағасымен келіседі: «Феррантенің әйелдер достығы туралы жазу тәсілі ерекше. Мен өмірімде мұндай туындыны оқыған емеспін», – дейді ол Euronews Culture-ға берген сұхбатында.