Жаңалықтар

Баходир Жалолов өзбек президенті сыйлаған қымбат көлігін соғып алды

gazeta.uz

Одан бөлек боксшы 200 АҚШ доллары мен екі қабатты коттеджді сыйға алған болатын.

Өзбекстанның аса ауыр салмақтағы боксшысы, Париж Олимпиадасының чемпионы Баходир Жалолов президент Шавкат Мирзиеев сыйлаған Chevrolet Tahoe автокөлігінің қызығын көріп үлгермей, келеңсіз жайтқа тап болды. Боксшы көлікті өзі жүргізіп келе жатып, арнайы белгісі бар басқа автокөлікке соғылған.