Қазақстандық жасөспірім теннисші Германиядағы турнирде чемпион атанды
Германияның Карлсруэ қаласында бірінші санаттағы турнирде Полина Лазаренко жұптық сында чемпион атанды.
Қазақстандық жасөспірім теннисшілер 12 жасқа дейінгілер арасында Tennis Europe жарыстарында жақсы табыстарға қол жеткізді.
Германияның Карлсруэ қаласында бірінші санаттағы турнирде Полина Лазаренко жұптық сында чемпион атанды.
Лазаренко болгариялық Рая Петковамен бірге шешуші ойында камбэк жасап, германиялықтар Найле Буи – Дарья Строгалшиковадан басым түсті – 4:6, 7:6, 10:8.
Жекелей сында Полина финалда ғана корт иесі Лиузе Симоға есе жіберді – 3:6, 5:7.
Черногорияда екінші санаттағы осындай додада Ақзере Ерімбет пен Эмилия Старусева финалға дейін жетті. Титул үшін матчта қазақстандықтар ресейлік Полина Кашытсина – украиналық Софья Трибадан ұтылып қалды – 3:6, 4:6.