Қазақстандық файтер Әліби Ыдырысқа пәтер сыйға берілді
Мөлдір есімді кәсіпкер қыз спортшыға Астанадан пәтер сыйлаған.
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Әліби Ыдырысқа кәсіпкер қыз пәтер сыйлаған, деп хабарлады turkystan.kz сайты Tengrisport.kz сайтына сілтеме жасап.
«Мен белбеуімді қайырымдылыққа берген кезде Мөлдір деген қызбен таныстым. Ол белбеуді 22 миллион теңгеге сатып алды. Кейін екеуіміз әлеуметтік желі арқылы сөйлестік. Ол аралас жекпе-жекті қолдайтынын айтты.
Мөлдір Мұхаммед Эминовпен болған жекпе-жекті көріп, Нұрбек Қабдрахмановқа пәтер сыйлады. Мен қатты қуандым, өйткені бауырым бұған әбден лайық. Мөлдір ММА үлкен еңбекті қажет ететін спорт екенін және біз мұндай жекпе-жектер үшін тиын тебен алатынымызды түсінді.
Кейін ол маған да Астанадан пәтер сыйлады. Ол үй қазір салынып жатыр. Мен онда тұрып жатқан жоқпын, тіпті, кілтін де алмадым. Мен отбасыммен Ақтөбеде тұрамын. Ал Нұрбектің пәтері дайын сияқты», - деді Әліби.
Айта кетейік, Әліби Ыдырыс соңғы жекпе-жегінде бразилиялық Сантоса де Азеведоны нокаутпен жеңген еді. Қазір қазақстандық файтердің MMA-дағы рекорды – 10-0.