Дания мектептері балалар көбірек ұйықтауы үшін сабақты кешірек бастау туралы шешім қабылдады
Копенгагендегі зерттеу қорының Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау институтының есебіне сәйкес, жасөспірімдер тәулігіне сегізден он сағатқа дейін ұйықтауы керек.
Дания мектептері балалар көбірек ұйықтауы үшін сабақты кешірек бастау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды euronews.com.
Жастардың психикалық денсаулығына байланысты Даниядағы 20 мектеп екі жылдық эксперименттен кейін сабақ уақытын өзгертті.
Даниядағы қоғамдық денсаулық сақтау және ұйқы бойынша сарапшылардың айтуынша, жасөспірімдердің циркадиялық ритмдері ересектерден өзгеше, және осы скандинавиялық елдегі жасөспірімдер жеткілікті ұйықтамайды.
Копенгагендегі зерттеу қорының Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау институтының есебіне сәйкес, жасөспірімдер тәулігіне сегізден он сағатқа дейін ұйықтауы керек, алайда бүгінде 15 жастағы жасөспірімдердің 60 пайыздан астамы осы уақыттан аз ұйықтайды.