Алатау ауданының әкімдігі Әбдіжаппар Әлқожаға айыппұл салып, түсініктеме жаздырған
Әбдіжаппар Әлқожа темір жол бойында киімдерін өртегені үшін айыппұл төлеп, түсініктеме жазды.
Құқық қорғау органы қызметкерінің заңды талаптарына бағынбағаны үшін қамалып шыққан Әбдіжаппар Әлқожа ұсталған кездегі киімдерін өртегені үшін айыппұл төледі.
Бұл туралы ол желіде әнші Бағлан Әбдірайымовтың көлігін өртеуге әрекеттенген видеосына пікір ретінде жазып қалдырған.
«Алатау ауданы әкімшілігі айыппұл салады. Бәке, байқаңыз. Көрдік өрт жаққанды. Айыппұлын төлеп, түсініктеме жаздық», – деді әнші.
Еске салсақ, бұған дейін өнер иесінің бостандыққа шыққаннан кейін ұсталған кездегі киімін өртеген видео жариялағаны жайлы жаздық.