Қоғам

Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдина әулиелердің зиратын аралап жүр (ВИДЕО)

Көрнекі сурет ғаламтордан алған

Жұлдызды жұп Маңғыстау өңіріне сапар шекті.

Әншілер Қыдырәлі мен Қарақат балаларымен бірген Маңғыстаудағы қасиетті жерлерге арнайы барды, деп жазды turkystan.kz.

«Үш жүз алпыс екі әулиесі бар киелі өлке—Маңғыстау. Бұл елге келудегі басты мақсатымыз Бекет атаның басына бару болатын. Бекет ата өсиеті бойынша жолай күйеубаласы Баһадүр әулиеге, одан Шопан ата, Сүгір аталардың басына соғып құран бағыштап, зиярат етіп қайттық. «Көз қорқақ» дегендей бір қарағанда атаның басы алыста сияқты көрінді. «Күннің ыстығында жете аламыз ба, қалай болар екен?» деп едік. Шүкір, Жаратқан жеңілдігін береді екен. Алған әсеріміз ерекше! Алла қабыл етсін!», - деп жазды Қарақат Әбілдина әлеуметтік желіде.