Үкімет: Ауылдық жердегі медицинаны дамытуға 60 млрд теңге бөлінді

23 шілде, 2024 / Анель Жарылғасын
istockphoto.com
Оның 21 млрд теңгеден астам бөлігін өңірлер алып үлгерді.

Үкімет «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасына 60,3 млрд теңге бөлді.

Үкімет отырысы барысында Премьер-Министр Олжас Бектенов «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын сапалы іске асыру – алда тұрған басты міндеттердің біріі екенін атап өтті. Ауылдық жерлерде жаңа медициналық ұйымдарды салу, жұмыс істеп тұрған облыстық ауруханаларды жөндеу және кадр мәселесі – шешуді қажет ететін негізгі мәселелер.

Үкімет басшысы құрылысы биылға жоспарланған нысанның жобалау-сметалық құжаттарының барлығына мемлекеттік сараптама қорытындысын беру толығымен аяқталғанын атап өтті. Мердігерлер анықталды, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.

«Үкімет Ұлттық жобаны іске асыруға 60,3 млрд теңге бөлді. Оның 21 млрд теңгеден астам бөлігін өңірлер алып үлгерді. Қазір қалған нысандарды қаржыландыру мәселесі пысықталуда», — деді Олжас Бектенов.

Тэгтер:

Ауыл медицина Бюджет Үкімет қаржы