«Дүние тозса да, өзің тозба»: Төреғали Төреәлі әйеліне 7 млн теңгенің сыйлығын берді
Әнші нарықтағы құны 7 миллион теңге тұратын Cartier білезігін сыйлаған.
Біраз уақыт бұрын алтыншы рет әке атанған Төреғали Төреәлі жары Толқынның туған күніне бағалы сыйлық тарту етті.
Өнер иесі туған күнді ата-анасы және балаларымен ғана атап өткен.
«Көлік мінгіздік кезінде келінімізге. Енді туған күніне әрі ТөреАхметімізді дүниеге әкелгені үшін деп Төреш үшеуміз барып сыйлық алдық. Мен таңдадым, енді келінім ұната ма, ұнатпай ма білмеймін. Көрейік енді», - деп әншінің анасы сыйлығын көрсетті.
Видеода әнші нарықтағы құны 7 миллион теңге тұратын Cartier білезігін сыйлағанын көруге болады. Енесі де келінін құшақтап «дүние тозса да, өзің тозба» деген тілегі желідегі оқырмандарының жүрегін елжіретті.