Жаңалықтар

Гүлзира Айдарбекова кітап жазуы мүмкін екенін айтты

instagram

Оның айтуынша, ұлы қамалғалы түрлі алып-қашпа әңгіме көбейген.

Ұшақта шу шығарып, 15 тәулікке қамалған әнші Қайрат Нұртастың анасы, продюсері тосын мәлімдеме жасады.

 

Оның айтуынша, ұлы қамалғалы түрлі алып-қашпа әңгіме көбейген. 

«Тас түскен жеріне ауыр. Иә, Аллаға шүкір, ең бастысы балам аман, шүкір, шүкір! Менің өмірімнің бір бөлшегі, сырым мен мұңымды, қуанышымды күнделікті бөлісіп отыратын өздеріңізсіздер. Бірақ басқа парақшалардың админдарына таңым бар. Түрлі суретіңді қойып, өздеріне салып, хайп жасап, подписчик көбейту үшін білгендерін жасап отырған. Ол аздай, өз адамдары астына коммент жазып, ойдан өсек құрап, елді шулатып… Не болып барамыз, соған сеніп әрі қарай өсек өрбітетін қаншама адамдар бар. Бірігудің орнына бір-біріміздің етімізді жеп, мазақ еткенде. “Сен де тұрсың, мен де тұрмын кезекте” демекші, түсініп жақсылық тілеушілер жетерлік шүкір. Ал күнделікті өсектеп, жығылдың ба деген мысқыл қуанышымен бөлісе алмай күндес тұтқандар, Алланың шеберлігін ұмытпасаңыздар екен!», – деп жазды продюсер. 

Сондай-ақ ол «Темір торда отырса, демек кінәсі бар» деген оқырманына жауап берді.

«Ол жағын басыңызға түспей білмейсіз. Сол себепті кінәлі деуіңіз тым артық. Қайрат алды болып ешкімге тиіспейтін, көңілшек екенін көргендердің бәрі біледі. Мен неге күйінемін, бекер емес. Әттеген-ай көп нәрсені айта алмаймын. Мүмкін кітап етіп бар шындықты жазармын», – деді Гүлзира Үсенқызы.