T-LIFE

Ғалымдар қант диабетімен ауыратындарға пайдалы тамақтану режимін анықтады

сурет: istockphoto.com

Зерттеуге шамамен Қытайдың 400 азаматы қатысқан.

Ғалымдар қант диабетімен ауыратындарға пайдалы тамақтану режимін анықтады.  Жаңа зерттеу арнайы диета ұстау 2-типті қант диабетімен ауыратын адамдарға пайдалы болуы мүмкін екенін көрсетеді.

Бұл 2-типті қант диабетінің бастапқы сатысындағы адамдарға қан қант деңгейін жақсартуға, салмақ жоғалтуға және қан қысымын төмендетуге көмектесуі мүмкін.

Зерттеуге шамамен Қытайдың 400 азаматы қатысқан, олардың бір тобы метформин немесе эмпаглифлозин сияқты қант диабетіне қарсы дәрі-дәрмектер қабылдаған. Ал екінші топ аптаның екі күнінде ауыз бекітіп, қалған бес күнінде қалыпты таңғы және түскі ас ішіп, кешкі ас орнына арнайы тағамдық алмастырғыш қолданатын 5:2 үзілісті диета жоспарын ұстанған.

16 апталық зерттеудің соңында 5:2 диетасын ұстанған қатысушылардың қан қант деңгейі 1,9 пайызға төмендеген. ал дәрі қабылдағандардың деңгейі сәйкесінше 0,3 пайыз және 0,4 пайызға ғана төмендеген.