Шамалған ауылында ер адам бірге тұратын әйелін өлтірген
Белгілі болғаны, жанжал себебі – қызғаныш.
Алматы облысының Шамалған ауылында ер адам бірге тұратын әйелді өлтірді, деп хабарлады turkystan.kz сайты Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.
Шамалғанның шетіндегі шаруа қожалығының бірінде еркек пен әйел арасында жанжал шығып, соңы кісі өлімімен аяқталды. Белгілі болғаны, жанжал себебі – қызғаныш.
Полиция қылмыстық іс қозғады.
«Күдікті ұсталып, қамалды. Барлық мән-жайды анықтау үшін жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде», - деп хабарлады Алматы облысы ПД.
Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жарияланбайды.