Жаңалықтар

Қостанай облысында өзенге батып кеткен екінші қыздың денесі табылды

istockphoto.com

Оқиға Варваринка ауылындағы Аят өзенінің маңында болған.

Қостанай облысында өзенге батып кеткен екінші қыздың денесі өлі табылды.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға Варваринка ауылындағы Аят өзенінің маңында болған. 2008 және 2006 жылы туған жасөсіпімдер ата-анасымен демалып жүрген.  

Кеше құтқарушылар бір қыздың денесін алып шыққан еді. Ал екінші қызды іздеу жұмыстары әлі жүргізіліп жатқан болатын.

Еске салсақ, бұған дейін Қостанай облысында 2 қыз суға батып кеткені жайлы хабарлаған болатынбыз.