Қоғам

Жол үстінде жүргізушіні аяусыз ұрған күдіктілер іздестіріліп жатыр (ВИДЕО)

скриншот

Видеоға көлік жүргізушісін бірнеше адамның теуіп жатқаны түсіп қалған.

Әлеуметтік желіде жол үстінде төбелес шығарып, көлік жүргізушісін аяусыз ұрған адамдардың бейнежазбасы тарады. Оқиғаға байланысты Полиция департаменті бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Видеоға көлік жүргізушісін бірнеше адамның теуіп жатқаны түсіп қалған.

Аталған жағдайға байланысты Алматы қаласы Полиция департаменті түсініктеме берді. 

- Бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаға қатысушыларды анықтау мақсатында жедел-іздестіру шаралары кешені жүргізілуде. Күдіктілер міндетті түрде ұсталып, жауапқа тартылатын болады. Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталуда, - деп хабарлайды департмент баспасөз қызметі.