Жаңалықтар

Ақмола облысындағы ауылға қызғылт қоқиқаздар ұшып келді (ВИДЕО)

instagram/serikbay_janybekov

Видеоны көрген оқырмандар көрініске тамсанып, жарыса пікір жазды.

Ақмола облысындағы Қорғалжын ауылына қызғылт қоқиқаздар ұшып келді. Жергілікті тұрғындардың бірі құстарды видеоға түсіріп алған.

«Қызыл кітапқа енген сирек құстардың бірі – алқызыл қоқиқаздар. Жазда ұшатын аз ғана өңірдің бірі – біздің Қорғалжын», – деді видео авторы Серікбай Жаныбеков.

Айта кетейік, қоқиқаздар көктемде еліміздің солтүстік өңіріндегі Теңіз көліне және Торғай өңіріндегі бірнеше көлге және Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауына ұшып келеді. Қазан-қараша айларында Иран, Ауғанстан, Пәкістанға ұшып кетеді. Қызғылт қоқиқаздың дене тұрқы жұмырланып келген, аяқтары мен мойыны ерекше ұзын болады. Олар – дүниежүзіндегі аяғы ең ұзын құстардың бірі.