Жаңалықтар

Атырау облысында өртенген пәтерден 2 баланың денесі табылды

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Атырау облысында пәтерден өрт шығып, екі бала көз жұмды, деп хабарлады turkystan.kz.

Atpress.kz сайтының мәліметінше, 25 сәуірде сағат 05:37 минутта Индер ауданы Индербор кенті Махамбет көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйлердің бірінде түтін шығып жатқаны туралы хабарлама түскен.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде аталған мекен-жайдағы бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатында орналасқан пәтердің толықтай жанып кеткенін анықтады. Бұл туралы Қоғаммен байланыс тобы мәлім етті.

Өрт сағат 06:02-де  оқшауланып, сағат 06:10-да  толықтай жойылды. Өрттің шығу себебін анықтау мақсатында Атырау қаласынан өрт-зерттеу зертханасы жұмыс істеуде.