T-LIFE

Ұйқының дұрыс болмауы мен алкоголизмнің салдары бірдей – зерттеу

сурет: bengali.news18.com

Зерттеуге сүйенсек, ұйқысыздық метаболикалық өзгерістер тудырады, нәтижесінде майлы бауыр ауруы пайда болады.

Ұйқының дұрыс болмауы мен алкоголизмнің салдары бірдей. Америкалық Жүрек Қауымдастығының мәліметтері бойынша ұйқысыздық "үнсіз эпидет" деп аталатын жағдайға апарып соғуы мүмкін. Бұл туралы New York Post жазды.

Зерттеуге сүйенсек, ұйқысыздық метаболикалық өзгерістер тудырады, нәтижесінде майлы бауыр ауруы пайда болады. Бұл дерт көбінесе алкогольді көп ішуден де болатыны белгілі. Бұл цирроз бен қатерлі ісікке әкеледі.

Миннесотадағы Mngi Digestive Health гастроэнтерологы Ибрахим Хануненің айтуынша, бұдан бөлек, қант диабеті, жүрек аурулары сияқты дерттің пайда болу қаупі артады екен.