Ақтөбе облысында жоғалып кеткен ауыл тұрғыны табылды
Жоғалған азаматты учаскелік инспектор тапты.
Оқиға 16 сәуірде түнгі уақытта болған, деп хабарлады turkystan.kz.
Алға ауданы Маржанбұлақ ауылының тұрғыны учаскелік полиция инспекторы Ерік Есеновке "ЗиЛ" автокөлігімен балшыққа батып қалып, ауылға қарай жаяу жүріп адасып кеткені және қасындағы ауылдасының астма ұстамасы ұстап қалғаны туралы телефон арқылы хабарлаған.
Ерік Есенов ауылдың фельдшерімен хабарласып, олар "Нива" қызметтік автокөлігімен жоғалған адамдарды іздеуге шыққан. Учаскелік полиция инспекторы бұл жерлерді жақсы білгендіктен жоғалған адамдарды табу қиынға соқпаған. Дәрігерлер науқасқа алғашқы көмек көрсетіп, ауылдық ауруханаға жеткізді.
Құтқарылған адамдар учаскелік полиция инспекторы мен фельдшеріге алғыстарын білдірді.