T-LIFE

7 сағаттан аз ұйықтайтын адамның түрі қалай өзгеретіні анықталды

Зерттеуге сәйкес, түнде 7 сағаттан аз ұйықтау теріге және көзге қатты әсер етеді

Ұйқы технологиясымен айналысатын Simba компаниясы 7 сағаттан аз ұйықтайтын адамның түрі қалай өзгеретінін көрсетті.

7 сағаттан аз ұйықтау әжімнің көбеюіне, дене мен бет терісінің құрғауына және көз астындағы қара шеңберлердің пайда болуына әкеп соғады. Мұның бәрі аз ұйықтап, жасушалардың қалпына келуіне уақыт жетпей қалатындықтан болады екен. Себебі шамадан тыс жұмыс кортизол деңгейін жоғарылатады.

Simba жасанды интеллект генераторы жасаған бұл суреттер жеті сағаттық ұйқының (сол жақта) және жеті сағаттан аз ұйқының (оң жақта) бетке қалай әсер ететінін көрсетеді (сурет: Simba Sleep).