Жаңалықтар

Жамбыл облысында бір ауылды су басты

Скриншот

Жамбыл облысы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жасөркен ауылындағы жағдай бақылауда.

Толассыз жауған жаңбырдың салдарынан Тараз қаласының маңында орналасқан Жамбыл ауданына қарасты Жасөркен ауылын су басты, деп хабарлады turkystan inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

 

2024 жылдың 15 сәуірінде сағат 20:35-те Жамбыл ауданы Жасөркен ауылында толассыз жауған жауын-шашынның салдарынан тау бөктерінен төмен қарай сел жүріп, Жасөркен көшесіндегі 7 ауланы (№54,52,50,48,49,51,53) және М. Әуезов орта мектебінің аумағын су басқандығы туралы ақпарат келіп түскен.

Жамбыл облысы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жасөркен ауылындағы жағдай бақылауда. Аталған аумақта жұмыстар жүргізілуде.

Қазіргі уақытта оқиға орнында жергілікті атқарушы органдар, облыстық төтенше жағдайлар департаментінен 51 адам, 4 техника (2 тиегіш, 2 экскаватор), 10 бірлік техника және 6 мотопомпа жұмыс істеуде.

Жалпы Жасөркен ауылында 310 тұрғын үй бар, 2209 адам тұрады.