Спорт

Көркем жүзу: Қазақстан құрамасы әлем кубогында чемпион атанды

Халықаралық су спорты түрлері федерациясы

Бұл – ұлттық құраманың Қытай астанасындағы жарыстағы 5-жүлдесі.

Көркем жүзуден Қазақстан құрамасы Бейжіңде өтіп жатқан әлем кубогының алғашқы кезеңінде чемпион атанды.

Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, акробатикалық бағдарламада біздің спортшылар жарыс қожайыны Қытай құрамасынан да көп балл жинап, бас жүлдені қанжығасына байлады. Біздің команда 2 күн бұрын техникалық сайыста қолаға ие болған.

Жарыс қорытындысы:

1-орын - Қазақстан (213.7801). Команда сапындағылар – Айгерім Құрманғалиева, Этери Какутиа, Наргиза Болатова, Арина Мясникова, Анна Павлетцова, Жвклин Якимова, Жәния Жиенғазы;

2-орын - Қытай (205.0300 балл)

3-орын - Аустралия (196.6266 балл)

Бұл – ұлттық құраманың Қытай астанасындағы жарыстағы 5-жүлдесі.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Эдуард Ким мен Наргиза Болатова жұбы (микст дуэт) бүгін техникалық бағдарламада күміс жүлдеге, ал топтық сайыста Қазақстан құрамасы техникалық бағдарламаның қола жүлдесіне ие болды.

Ал кеше, яғни екінші жарыс күні жекелей сында ерлер арасындағы еркін бағдарламада Виктор Друзин қола жүлдегер атанды.

Осылайша отандастарымыз Бейжіңнен 1 алтын, 2 күміс пен 2 қола медаль жеңіп алды. Қытайдағы әлем кубогының кезеңі осымен аяқталды.