Жаңалықтар

Жансая Әбдімәлік спорттық мансабын аяқтауға қатысты пікір білдірді

Спортшы әзірге мансабын аяқтауға нақты шешім қабылдамағанын айтты.

Танымал шахматшы Жансая Әбдімәлік мансабын қашан аяқтайтынын және әріптесі Бибісара Асаубаевамен қарым-қатынасы туралы пікір білдірді. 

Бұған дейін 20 жастағы блиц бойынша әлем чемпионы Асаубаеваға KazChess Awards марапаттау рәсімінде қомақты сыйақы табысталған еді. Ал оның әріптесі мансабын аяқтауы мүмкін екенін айтты.

Жансая қатысқан кейінгі жарыс 2023 жылғы күзде болды. Сол кезде Әбдімәлік Асаубаевамен бірге Ханчжоудағы (Қытай) Азия ойындарына қатысты. Асаубаева бесінші орын алса, Әбдімәлік сегізінші қатарға тұрақтаған еді.