Жаһан

Гарвард XIX ғасырдағы кітаптан адам терісінен жасалған мұқабаны алып тастады

сурет: Гарвард кітапханасы

Кітаптың алғашқы иесі, доктор Людовик Буланд есімді француз дәрігері кітапты қайтыс болған белгісіз науқастың терісімен қаптап тастаған.

Гарвард университеті өз кітапханасында сақталған XIX ғасырдағы "Des Destinées de l 'Ame" кітабынан қайтыс болған әйелдің терісінен жасалған мұқабаны алып тастағанын мәлімдеді. Француз жазушысы Арсен Уссе жазған кітаптың атауы "Жан тағдыры" деп аударылады және 1934 жылдан бері университет кітапханасында сақталған. Бұл туралы New York Post жазды. 

"Кітаптың түптелуінде пайдаланылған адам қалдықтары кітаптың шығу тегі мен кейінгі тарихының этикалық сипатына байланысты Гарвард кітапханасының коллекцияларына жатпайды деген қорытындыға келді", - делінген Гарвардтың веб-сайтындағы мәлімдемесінде.

Кітаптың алғашқы иесі, доктор Людовик Буланд есімді француз дәрігері кітапты қайтыс болған белгісіз науқастың терісімен қаптап тастаған. 

"Қазіргі уақытта кітапхана Буландтың кітабы мен белгісіз пациенттің шығу тегі мен өмірбаянына зерттеу жүргізіп жатыр", – деп жазылған университеттің мәлімдемесінде.