Қаржылық мониторинг агенттігі Боранбаевтың активтеріне қатысты мәлімдеме жасады
Жарияланған ақпараттарға сай активтерді мемлекеттік органдардың балансына беру процесі аяқталды.
Кей жекелеген БАҚ өкілдерінің Қайрат Боранбаевтың мемлекет пайдасына активтерді беруінің жалғандығы туралы таратқан ақпараты шындыққа жанаспайды, деп хабарлады turkystan.kz.
Бұл туралы ҚМА баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Жарияланған ақпараттарға сай активтерді мемлекеттік органдардың балансына беру процесі аяқталды. Екі нысан бойынша қайта тіркеу рәсімі өтуде. Қаржылық мониторинг агенттігі тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұрайды», - делінген хабарламада.