Спорт

Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы өзін «Барселонаның» аңыз футболшысымен салыстырғандарға жауап берді

Әрине, көңілге майдай жағады, алайда маған әлі өсу керек.

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Әділет Садыбеков Люксембурге қарсы өткізген ойын туралы өз ойын айтты, деп хабарлайды turkystan.kz meta-ratings.kz-ке сілтеме жасап.

«Ауыр ойын болды. Бастапқы құрамдағы орынды сеніп тапсырғанына қуаныштымын. Асхат Тағыбергеннің жұмысын жеңілдетіп, қорғанысқа көмектесу туралы тапсырма берілді. Осылайша, Асхатта шабуылға жиі араласатын мүмкіндік пайда болды.

Бускетспен салыстыру ма? Әрине, көңілге майдай жағады, алайда маған әлі өсу керек. Шебер ойыншыға айналу үшін қыруар шаруа атқару керек. Әлбетте, ұлттық құраманың жейдесін сеніп тапсырғанына және гол соға алғаныма қуаныштымын», – дейді Әділет.

Еске сала кетейік, Әділет – кеше Люксембург командасына қарсы жолдастық кездесуде Қазақстан командасынан гол соққан жалғыз ойыншы. Екі құрама арасындағы ойын 2:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды.