Жаңалықтар

74 адам эвакуацияланды: Ақтөбе облысында Жем өзені тасуы мүмкін

Ақтөбе облыстық ТЖД

Өңірде Жем өзеніндегі су деңгейінің көтерілу қаупі туындады

Аймақтағы ТЖД осындай ақпарат таратты, 74 адам эвакуацияланған.

«Мұғалжар ауданындағы Жағабұлақ ауылында қардың еруі мен жауын-шашынның көп түсуіне байланысты екі аула учаскесін су басып, Жем өзеніндегі су деңгейінің көтерілу қаупі туындады.

74 адам, оның ішінде 30 бала эвакуацияланды, медициналық көмек қажет болмады», — деп жазды ведомстводан.