Қоғам

Ақмола облысындағы ауруханада науқастарға берілген тамақтан құрт шықты

inbusiness.kz

Медицина мекемесін енді санитарлар тексергелі жатыр.

Ақмола облысы Степногор ауруханасында науқастарға құрттаған тамақ берген, деп хабарлады turkystan.kz.

«КТК» арнасының мәліметінше, Степногор қаласындағы ауруханада науқастар құрттаған ас-ауқат ішуге мәжбүр. Тамақтың ішінде жәндік қалқып жүргенін емделушілер ұялы телефонға түсіріп алып, әлеуметтік желіге жүктеген. Медицина мекемесін енді санитарлар тексергелі жатыр.

Аурухананың инфекциялық бөлімшесі. Балаларымен ем-дом алуға келген аналар түстік сусынды құрт-жәндікпен бірге қайнатқанын көріп шошыған. Олар тек құрты бар сусынға ғана емес, жалпы ауруханадағы тағамға көңілі толмайтынын айтқан. Тамағы дәмсіз болғандықтан, пациенттер ас ішуден бас тартқан. Оған желінбей, тізіліп тұрған тамақ дәлел. Медицина мекемесіндегі тазалық та сын көтермейтін сияқты. Науқастар аурухананы тексеру керек деп жазба қалдырған. Мұны көрген санитар дәрігерлер «кешіктірмей, тексеріс бастаймыз» деп отыр.

«Аумақ басқармасымен жоспардан тыс тексеріс жүргізіледі. Ол тексеріс прокуратура органдарына тіркеліп жүргізіледі. Бұған дейін ол тексерілген, жоспарлы түрде, биыл ақпан айында. Аталған факті бойынша ондай бұзушылықтар болған емес», – деді Ақмола облысы санитария-эпидемиологияны бақылау департаменті басшысының орынбасары Серік Омарханов.