Спорт

Сурдлимпиада ойындары: Қазақстан құрамасы шахматтан қола жүлде алды

Туризм және спорт министрлігі

Сурдлимпиада ойындары Түркияның Эрзурум қаласында 2-12 наурыз аралығында өтті.

XX қысқы Сурдлимпиада ойындарында Қазақстан ерлер құрама командасы классикалық шахматтан 10 ұпай жинап, қола медальға ие болды.

Аталған жарыста алтын жүлдені 12 ұпай жинаған Хорватияның спортшылары жеңіп алса, күміс медаль 11 ұпай жинаған Польша командасына бұйырды.

Ұлттық құрама сапында Сұлтан Қожахметов, Самажан Кеттебеков, Максим Рожков, Амангелді Наурызғалиев, Мейірман Пернеев және Виктор Максименко ойнады.

«Классикалық шахматтан жарыс қызу өтті, қарсыластарымыз осал болмады. Ойын барысында еліміздің спортшылары Италия, Германия және Сербия құрама командаларын жеңіп, Украина мен Польша командаларымен тең ойнап, тек Хорватия командасына есе жіберген болатын. Жарыстың нәтижесінде командамыз 7 турдан өтіп, он үш команда арасында үшінші орынға тұрақтады», - деді шахматтан аға жаттықтырушы Елдос Күзербаев.

Айта кетсек, XX қысқы Сурдлимпиада ойындары Түркияның Эрзурум қаласында 2-12 наурыз аралығында өтті. Жарысқа Қазақстан тарапынан 26 спортшы шахматтан, сноубордтан және шаңғы жарысынан қатысты.