Қоғам

Алматыда ер адам жоқ пәтерлерді жалға берген

Полицияға жәбірленушілерден 25 арыз келіп түсті.

Алматыда 25 азаматқа жоқ пәтерлерді жалға берген күдікті құрықталды, деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол танымал сайтқа пәтерді жалға беру туралы хабарландырулар жариялаған. Шаршы метрлерді нарық бағасынан төмен бағаға «жалдауға» ынталылар жеткілікті болды.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.