Қоғам

Алғыс айту күніне орай көпбалалы екі отбасы жаңа пәтерге ие болды

Жомарт жан аз қамтылған екі отбасына баспана сыйлады.

Алғыс айту күніне орай Астанадағы Достық үйінде ұзын саны мың адамды қамтыған телекөпір өтті. Еліміздегі 34 достық үйі онлайн байланысқа шықты, деп хабарлады turkystan.kz.

Qazaqstan арнасының мәліметінше, салтанатты жиынға Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Мәдениет және ақпарат вице-министрі, депутаттар мен этно-мәдени бірлестік өкілдері қатысты. Ассамблея үздіктеріне «Алғыс» төсбелгісі табысталды.

Іс-шара барысында, атымтай жомарт жан аз қамтылған екі отбасына баспана сыйлады. Бас қаладан жаңа қонысқа ие болғандардың бірі - 8 балалы Бердияровтар жанұясы.