Жаңалықтар

«Елорда жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталды

Ашық дереккөз

Бұл туралы елорда әкімдігі хабарлады.

Бүгін Астанада «Елорда жастары» жеңілдетілген несиелеу бағдарламасына қатысуға өтінім қабылдау басталады. Құжат 1-6 ақпан аралығында қабылданады.

Өтінімдер 1 ақпаннан бастап сағат 9.00-ден 6 ақпанға дейін сағат 23.59-ға дейін электрондық түрде birge.astana.kz порталы арқылы жүзеге асырылады. 

Бағдарлама "Отбасы банк" АҚ арқылы елордада бастапқы немсе қайталама нарықтан пәтер алуға мүмкіндік береді. 

Банк барлығы 80 несие береді.

Бағдарламаның шарттары: 

қарыздың ең жоғары сомасы - 18 млн теңге; 

бастапқы жарна - 10 пайыз; 

қарыз бойынша мөлшерлеме - жылдық 5 пайыз; 

несиелеу мерзімі 25 жылға дейін.

Жалпы талаптар:

өтінім беру кезінде 35 жасқа толмаған болуы керек;

соңғы 1 жылда Астана қаласында тұрақты түрде мекенжайға тіркелген болуы керек;

бағдарламаға қатысушының және оның отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағы бойынша соңғы 5 (бес) жыл ішінде сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйдің, сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйдің немесе меншік құқығымен тұрғын үйдің (ерлі-зайыптылардың ортақ бірлескен меншігі, өтінішке енгізілетін отбасының басқа мүшелерімен бірлесіп ортақ үлестік меншік) болмауы;

өтініш беру сәтіндегі қатысушының таңдалған саладағы ресми жұмыс өтілі соңғы бір жылдан кем емес;

жинақталған сомасы 1.8 млн теңгеден кем емес "Отбасы банкте" депозиттік шотының болуы;

отбасының әрбір мүшесіне соңғы 6 ай үшін еңбек немесе кәсіпкерлік қызметтен (зейнетақы аударымдарын, жеке табыс салығын және өзге де міндетті аударымдарды есепке алмағанда) ең төменгі күнкөріс деңгейінің 6 еселенген шамасына дейінгі кірісінің болуы (260 442 тг.).

Бұл бағдарламаға қай саланың қызметкерлері қатыса алады:

денсаулық сақтау (техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда, медицина қызметкерлері);

білім беру (техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда, педагог қызметкерлер);

 мәдениет (техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда, бейінді қызметкерлер);

спорт (техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда, спортшылар мен жаттықтырушы-тәлімгерлер);

 әлеуметтік сала (техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда, бейінді қызметкерлер);

ЖОО және ҒЗИ (техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда, оқытушылар мен ғылыми қызметкерлер) журналистер (журналистер, корреспонденттер, продюсерлер, беттеушілер, редактор, режиссерлер, дыбыс инженерлері, теле-радио жүргізушілері, фотографтар, телерадио хабарларын тарату инженерлері, графикалық және мультимедиялық дизайнерлер, телерадио хабарларын тарату техниктері, аудио-бейне операторы, телекоммуникация монтажерлері, контент-менеджер, кеңесші, веб-дизайнер, медиа жоспарлау менеджері, медиа талдаушы, техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда);

Астана қаласының коммуналдық кәсіпорындарының / мекемелерінің бейінді қызметкерлері (ұйымның жекелеген жоғары тұрған салалардағы қызметкерлерін, оның ішінде техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда);

қызмет саласына қарамастан, Астана қаласында "Жетім балалар" санаты бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған 35 жасқа толмаған азаматтар.

Астана қаласы полиция департаментінің қызметкерлері (техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда, бейінді қызметкерлер);

Астана қаласы төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері (техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда, бейінді қызметкерлер); 

Өтінімді толтыру кезінде қатысушы таңдаған сала бойынша еңбек қызметін жүзеге асыратын саламен сәйкес келуі тиіс.

Қажетті құжаттар тізімі:

1. Электронды цифрлық кілт;

2. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (бала туу, неке қию, некені бұзу және т. б.);

3. Өтініш берушіге Қазақстан Республикасы бойынша отбасының барлық мүшелеріне жылжымайтын мүліктің жоқтығы (бар болуы) туралы анықтама (анықтама egov.kz - ҚР электрондық үкімет порталынан өтінім беру сәтіндегі күні алынуы тиіс).