Қоғам

Көкшетау тұрғындары қаржы пирамидасына 291 миллион теңге салған

716.kz

Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотта қаралуда.

Көкшетауда «Chia Tai Tianging» қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесінің басшысы Telegram мессенджері арқылы жарнама таратқан, деп хабарлады turkystan.kz.

Аса ірі мөлшерде ақша тарту мен қаржы пирамидасын жарнамалау фактісін ҚМА Ақмола облысы бойынша Департаменті тергеуде.

Көкшетау қаласындағы «Chia Tai Tianging» қаржы (инвестициялық) пирамидасының құрылымдық бөлімшесінің басшысы инвесторларды тартқаны, сол арқылы жаңа салымшыларға тұрақты негізде ешқандай тәуекелсіз, кепілді кірісті уәде еткені, ол үшін заңсыз пайда тапқаны анықталды.

«Заңсыз әрекеттердің нәтижесінде қаржы пирамидасының айналымына азаматтардың жалпы сомасы 291 млн теңгеден астам ақшалай қаражаты тартылған», – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотта қаралуда, ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат таратылуға жатпайды.