22 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

22 қаңтар, 2024 / Анель Жарылғасын
Ашық дереккөз
Ел бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.

22 қаңтарда елдің басым бөлігінде тұман түсіп, жел күшейеді, деп хабарлады turkystan.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, республиканың басым бөлігі әлі де антициклонның ықпалында болады.

Сондықтан жауын-шашын жаумайды.

Тек елдің батысында, солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың әсерінен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, жауын-шашын, көбіне қар жауады.

Көктайғақ, жаяу бұрқасын соғады.

Ел бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.

 

Тэгтер:

тұман ауа райы Қазгидромет Синоптик жел бұрқасын 22 қаңтар