Спорт

Қазақстандық шахматшы әлем чемпионатында сенсация жасады

Турнирдің ашылуында ол жарыс фавориттерінің бірі Фабиано Каруананы жеңді

Денис Махнев шахматтың блиц түрі бойынша Өзбекстанда өткен әлем чемпионатында көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді, деп хабарлады turkystan.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Турнирдің ашылуында отандасымыз жарыс фавориттерінің бірі Фабиано Каруананы жеңіп кетті. Өткенге көз жүгіртсек, АҚШ атынан шыққан Каруана 2018 жылы Магнус Карлсенмен әлемдік тәж үшін бақ сынап, Самарқандта екінші нөмірлі шахматшы ретінде тіркелген-ді. Ал ол кезде Махнев 105-ші орында тұрды.

Денис 5 турдан кейін 4 ұпай жинап, әзірге 9-шы орынға жайғасты. Көш басында Владислав Артемьев пен Рамеш бабу Прагнанандха тұр. Олар 5 ұпайдан жинады.