Жаңалықтар

Елорда тұрғыны заңсыз криптобизнес құрған – ҚМА

Елорда тұрғыны 342 млн теңгеден астам сомаға USDT криптовалютасын қолма-қол ақшаға сатқан.

Елорда тұрғыны Telegram мессенджерінде цифрлық активтерді заңсыз ақшалай сыйақыға айырбастау қызметін ұйымдастырған, деп хабарлады turkystan.kz.

Аса ірі көлемдегі цифрлық активтерді айырбастау саласындағы заңсыз кәсіпкерлік қызметке қатысты қылмыстық істі ҚМА астаналық департаменті аяқтады.

Осы жылдың ақпан-шілде айлары аралығында айырбастау пункт қызметін атқара отырып, ол 342 млн теңгеден астам сомаға USDT криптовалютасын қолма-қол ақшаға сатқан.

ҚР ҚПК  201-бабының талаптарына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері тергеу мүддесі аясында жария етілуге ​​жатпайды.