Қоғам

Риддерде үй жылытқышының салдарынан пәтер өртеніп кетті

Өрттің жалпы ауданы 10 шаршы метрді құраған

Риддер қаласында Станция көшесіндегі бірінші қабатта орналасқан пәтерден өрт шықты, деп хабарлады turkystan.kz ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қызыл жалынның жалпы ауданы 10 шаршы метрді құраған.

Оқиға орнына құтқарушылар шұғыл келіп жетті. Төрт адам қауіпті аймақтан өз бетімен шығып үлгерген. Көп ұзамай жеке заттар мен жиһаздарға жайылған тілсіз жау толықтай ауыздықталды.

Осы ретте, ТЖД қызметкерлері өңір жұртшылығына өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтап, барынша абай болу қажеттігін ескертті.