Спорт

Ашық суда жүзуден қазақстандық спортшы ел тарихында тұңғыш чемпион атанды

Жарыста әлемнің түкпір-түкпірінен барған 70 елдің спортшылары бас жүлдеге таласқан.

Ашық суда жүзуден өткен «Oceanman» халықаралық жарысында топ жарып, Қазақстан тарихында тұңғыш рет әлем чемпионы атанған елордалық Алпамыс Әмір елге оралды, деп хабарлады turkystan.kz.

Тайланд елінің Пхукет қаласында өткен байрақты бәсекеге әлемнің түкпір-түкпірінен барған 70 елдің спортшылары бас жүлдеге таласты. Жиырма жылдан бері үздіксіз өткізіліп отырған халықаралық жарысқа Қазақстан атынан елордалық Алпамыс Әмір қатысты.

Нәтижесінде жерлесіміз 2 шақырымдық қашықтықта Іnspiration санаты бойынша қарсылас шақ келтірмеді.

Спортшымызды қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев, спортшының туған-туыстары, жанкүйерлері мен спорт саласының өкілдері қарсы алды.