Жаңалықтар

Павлодарлықтар көрші пәтерден шығатын жағымсыз иіске шағымданды

ашық дереккөз

Пәтер иелері өз күштерімен тарақандар мен жағымсыз иіспен күресуде

Павлодар қаласындағы пәтерлердің біріндегі қоқыс еденнен төбеге жетеді. Марқұм зейнеткер өмірінің соңғы күндеріне дейін пәтер ішіне түрлі заттарды жинаған. Қазір көршілері тарақандар мен жағымсыз иіспен күресу үшін шенеуніктерден көмек сұрайды, деп хабарлады turkystan.kz irbistv.kz сайтына сілтеме жасап.

13 қазан күні Павлов көшесінің тұрғындары көршісінің есігін қағып, ашқыза алмаған. Олар бірден құтқарушыларды шақырып, мамандар қоқысқа толы пәтердің еденінде жатқан әйелді тапқан. Келесі күні ол ауруханада көз жұмды.

«Бұл үйдегі 47 пәтер иесі зардап шегуде. Көбісінде үйде кішкентай балалар бар. Кіреберіс ішінде жүру үшін мұрынға маска киеміз. Пәтерде тарақандарды қаптап жоюдамыз. 4-қабатқа дейін жетті. Біз де біртіндеп оның салдарымен күресудеміз», – деді Павлов көшесіндегі №34/1-үйдің тұрғыны Лариса Пигарева.

Пәтер иелері өз күштерімен тарақандар мен жағымсыз иіспен күресуде. Барлығы бірауыздан қоқысқа толы баспананы тазартуды сұрайды.

«Бұл мәселеге СЭС, тәртіп сақшылары көмектесуден бас тартуда. Олар иесі қайтыс болды, енді жарты жыл күту керек дейді. Жарты жылдан кейін қоқыс шіріп, үйіміз қоқыс орнына айналады»,-деді Павлов көшесіндегі №34/1-үйдің тұрғыны Роза Андреева.

Плюшкин ауруына шалдыққан зейнеткер өмірінің соңғы күндерін жалғыз өткізген. Көршілерінің айтуларынша, оның Ямышево ауылында туыстары бар. Тәртіп сақшыларынан бұл ақпаратқа назар аударып, марқұмның жақындарын табуды сұрайды.