Атырауда оқушылар орталық алаңдағы шахмат фигураларын қиратып кеткен
Оқушылардың ата-аналарына айыппұл салынды.
Әлеуметтік желіде Исатай-Махамбет алаңында «Шахмат» фигураларын сындырып жатқаны жөнінде видео таралып, талқылануда, деп хабарлады turkystan.kz.
Учаскелік полиция инспекторлары құқық бұзушыларды іздеуге кірісті.
«Атырау ҚПБ-ң ЖПҚБ-ң №12 учаскелік полиция бекетінің УПИ-ы мен ЮПТБ-ң УПИ- мен екі жасөспірім анықталып, ата-аналарына ҚР ӘҚБтК-ң 127 б. 1 б., әкімшілік хаттамалары толтырылып айыппұл салынды. Сондай-ақ профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді», – делінген atpress.kz сайтының хабарламасында.
Айта кетсек, бұл шахмат фигуралары орталық алаңға 2019 жылы «Норт каспиан оперейтинг компани Н.В.» (NCOC) компаниясы жүргізген қайта жаңғыртудан кейін орнатылған.