Жаңалықтар

Қазақстанда оқулықтардың 93%-ы цифрлық форматқа көшірілді

Цифрлық оқулықтар елімізде 13 баспа 11 платформада әзірленуде.

Бүгінде оқу пәндерінің цифрлық форматқа көшірілу көрсеткіші 80 пайыздан 93 пайызға дейін өсті, деп хабарлады turkystan.kz.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, бұл алдын ала көрсеткіш, яғни желтоқсан айында сараптаманың соңғы кезеңі - пәндік сараптамалық комиссия өтеді. Сараптаманың қорытындысы бойынша нақты көрсеткіш жарияланады.

Цифрлық оқулықтар елімізде 13 баспа 11 платформада әзірленуде.

Бұдан басқа, робототехника, STEM, химия, физика, биология пәндері бойынша 1000 заманауи кабинет ашу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда 976 мектеп заманауи кабинеттермен жабдықталған.

Айта кетсек, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында және Шымкент қаласында пәндік кабинеттер жоспар бойынша толығымен сатып алынды.