Павлодар облысында 33 ауыл жарықсыз отыр
Демалыс күндері қатты желдің салдарынан облыста дауылды ескерту жарияланған.
Павлодар облысында отыз үш ауыл әлі де жарықсыз отыр, деп хабарлады turkystan.kz.
Pavlodarnews.kz сайтының мәліметінше, өңірде шатырды желмен ұшырып әкеткен 183 жағдай тіркелді.
«18-19 қараша күндері «Қазгидромет» РМК-ның жариялаған дауылды ескертудің нәтижесінде облыста бірқатар оқиға тіркелді. Жалпы 183 ғимараттың шатыры құлады. 117 елді мекенде электр қуаты өшіп қалды. Бүгінде оның ішінде 33 ауыл әлі де жарықсыз отыр, ал қалған 84-де электр қуаты берілді»,– делінген хабарламада. хабарлады ТЖД баспасөз қызметінде.
Еске сала кетейік, демалыс күндері қатты желдің салдарынан облыста дауылды ескерту жарияланған болатын. Қалалар мен аудандарда ағаштар құлап, бағдаршамдар майысып, шатырларды желмен ұшырып әкеткен.